Бүгіннен бастап қазақстандықтар көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізе алады

0
2 409

Осы жылы 1 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Бүгіннен бастап қазақстандықтар көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізе алады

иллюстрациялық фото

Қазақстандықтар бүгіннен бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданған болатын.

Заңда Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастау ескерілген.

Яғни, автокөлік иесін полиция тоқтатқан кезде, ол жеке куәлігін ұсынып, сол жеке куәлікпен полиция қызметкері планшет арқылы электрондық базада оның қажетті құжаттары бойынша тексеру жүргізе алады.

Осы жылы 1 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ал осыдан бір апта бұрын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті тиісті құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуге болатынын жария еткен еді.

Сондай-ақ қазақстандықтардың жүргізуші куәлігінің жоқтығы үшін салынған ескі айыппұлдары кешірілетін болды.