Бүгіннен бастап тағы бірнеше облыс карантинге жабылды

0
666

Бұл талап түнгі сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.


Бүгіннен бастап тағы бірнеше облыс карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл облыстары аумағына адамдар мен көліктердің кіріп-шығына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталмыш аймақтардың кейбірінде түнгі сағат 00:00-ден бастап бұл талап күшіне енді. Мұндай шешім ондағы тұрақты жағдайды сақтау және коронавирустың таралауына жол бермеу жөніндегі штабтың жедел отырысында қабылданған. Жүк және азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктер қозғалысына ғана рұқсат. Сондай-ақ азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды есепке алмағанда сауда орталықтары мен құрылыс тауарларын сататын базарлар жұмысын тоқтатады. Қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп беру режіміне көшеді.

Айта кетейік, кеше Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облысындағы бес қала карантинге жабылған болатын.