"Бұл апат емес": Астанадағы ЖЭО-2-де компенсатор жарылды - энергетика министрлігі

0
260

Әлеуметтік желіде ЖЭО-2-де қондырғы істемей тұрған фото тараған болатын.


ERNUR.KZ. Астанадағы жылу электр орталығындағы турбиналардың бірі ақауға байланысты тоқтатылды, деп жазады sputnik.kz.

Компанияның мәліметінше, реттеу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі компенсатордың бұзылуына әкеп соққан, оқиға жұма күні болған.
Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорында болған оқиғаны апат деуге болмайды.
"Бұл апат емес. Барлық ақаулар жойылды және ТА-4 жұмыс істейді. Жүктеме бұрынғыдай 100 мегаватт. Бұл ЖЭО-2 жұмысына әсер еткен жоқ", - дейді компаниядағылар.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта турбина жұмыс істеп тұр, ал ақаулар электр және жылу энергиясын өшірмей-ақ қалпына келтірілді.
"Фотода кеше, 10 ақпан сенбіде аяқталған жөндеу жұмыстарын жүргізу процесі көрсетілген", - деді ведомстводағылар.
Министрлік оқиғаға басқару жүйесіндегі ақаулық себеп болғанын айтты.