Бұл жолғы халық санағы қағазсыз жүргізіледі – Асқар Мамин

0
869

Үкімет басшысы әр қазақстандықтың санаққа қатысуы маңызды екенін атап өтті.


Бұл жолғы халық санағы қағазсыз жүргізіледі – Асқар Мамин

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында күзде өтетін Ұлттық санақтың мән-маңызына тоқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы 1 қыркүйек – 30 қазан аралығында халық санағын өткізу жоспарланып отыр. Өздеріңіз білесіздер, мұның алдындағы санақ 2009 жылы өткен. Бұл іс-шараның әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Санақ нәтижесі бойынша мейлінше дәл деректер болып табылатын әрі елдегі ахуалды талдауға, болжам жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға негіз болатын көптеген көрсеткіштер алынады», - деген Үкімет басшысы әр қазақстандықтың санаққа қатысуы маңызды екенін атап өтті.

«Еліміздің әр азаматының санаққа қатысуының маңызы өте зор. Санақ процесін автоматтандыру үшін қағаздан мүлдем бас тартып, цифрлық технологияларды қолдану жоспарланып отыр. Бұл мәлеметтерді жедел жинауға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», - деді Асар Мамин.