Бурабайда жағажайлар карантинге жабылды

0
773

Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша енгізіліп отыр.


Бурабайда жағажайлар карантинге жабылды
ERNUR.KZ. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық паркінің жағажайлары жабылды, деп жазады aikyn.kz.

"Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілгендіктен, «Бурабай» паркінің жағажайлары жабылды", – деп хабарлады ұлттық парктің баспасөз қызметі.

Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша енгізіліп отыр.

«Қоғамдық жерлерде әлеуметтік қашықты сақтап, бетперде тағу керек», – делінген хабарламада.