Бурабайдағы қымбат қонақ үйде 17 адам тамақтан уланып қалды

0
492

Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-уі Көкшетау қаласының инфекциялық ауруханасына жатқызылды.


Бурабайдағы қымбат қонақ үйде 17 адам тамақтан уланып қалды

ERNUR.KZ. Бурабай курорттық аймағындағы қонақ үйде жұмыс істейтін 17 адам тамақтан уланып қалды, деп жазады sputnik.kz.

Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, барлық қызметкер асханада жұмыс істейді. Олардан бактериялық ішек инфекциясы анықталды.
"Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-уі Көкшетау қаласының инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Қалған науқастар амбулаторлық ем-дом алып жүр, жағдайы қанағаттанарлық", - дейді санитар мамандар.
Қазіргі таңда Бурабай санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр. Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды. Барлық қызметкер тексерілді. Зертханада ішек инфекциясының қайдан шыққаны анықталады.