Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

0
457

Биыл қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын.


Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Астаналық соттың мәліметінше, Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 ақпанына дейін ұзартты.

Еске салайық, биыл қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын.