Бұрынғы McDonald's мейрамханаларының атауы неге өзгергені белгілі болды

0
756

Компания қазір оның орталық кеңсесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің 40%-дан астамы тікелей мейрамханаларда жұмыс істей бастағанын атап өтті.


Бұрынғы McDonald's мейрамханаларының атауы неге өзгергені белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы бұрынғы McDonald's мейрамханаларының маңдайшасында түрлі адам есімдері жазылғанда қалың жұрт таңданған еді. Енді ол не себепті жасалғаны белгілі болды, деп жазады zakon.kz.

Food Solutions KZ баспасөз қызметі бұрын McDonald's брендімен жұмыс істеген мейрамханаларының атауы неліктен өзгертілгенін түсіндірді. Баспасөз қызметі 21 тамызда таратқан хабарламада мұның уақытша әрекет екені айтқан. Компания өз қызметкерлеріне осылайша алғыс білдіріп, олардың әрқайсысының маңызын атап өткісі келген.

Баспасөз қызметі түсіндіргендей, Food Solutions KZ қызметкерлерінің көбі желіде бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Қазір ел бойынша мейрамханалардың штатында 1700-ден астам адам бар. Компания қазір оның орталық кеңсесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің 40%-дан астамы тікелей мейрамханаларда жұмыс істей бастағанын атап өтті.