Бұрынғы министр Асхат Оралов жаңа қызметке келді

0
418

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.


Бұрынғы министр Асхат Оралов жаңа қызметке келді

ERNUR.KZ. Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін Amanat партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Былтыр күзде ол Мемлекет басшысының жарлығынан кейін министр қызметінен босатылып, оған сәйкес Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылды.