"Челси" 18 жастағы рекордсмен қақпашымен келісімшарт жасады

0
471

18 жастағы голкипер биылғы маусымның қалған бөлігін "Чикагода" өткізіп, кейін алты жылдық келісім бойынша "Челси" сапына өтеді.


ERNUR.KZ. "Челси" америкалық "Чикаго Файр" клубының қақпашысы Габриэль Слонинамен келісімшартқа отырды, деп жазады vesti.kz.

18 жастағы голкипер биылғы маусымның қалған бөлігін "Чикагода" өткізіп, кейін алты жылдық келісім бойынша "Челси" сапына өтеді.

Габриэль америкалық лигада бірнеше рекорд орнатқан. 14 жасында ол MLS тарихында және "Чикаго Файр" үшін ең жас транфсер атанған.

Кәсіпқой карьерасын ол 2021 жылы 4 тамызда "Нью-Йорк Ситиге" қарсы матчте бастады. Ол кезде 17 жас 81 күнге толған Слонина MLS тарихындағы ең жас ойыншы болды.