Cұлулық салоны қызметінен кейін әйел адам қайтыс болды

0
433

Өскемендік әйел сұлулық салонына көзіне блефаропластика жасату үшін жүгінген.


Cұлулық салоны қызметінен кейін әйел адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының прокуратурасының мәліметінше, сұлулық салонына әйел көзіне блефаропластика жасату үшін барған, деп жазады inbusiness.kz.

"Сұлулық салонына 1962 жылы туған әйел көзіне блефаропластика жасату үшін жүгінген. Лицензиясы мен медициналық және басқа да қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ салон қызметкері жоғарыда аталған процедураны жасаған. Біраз уақыттан кейін әйел жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилактикалық шоктан қайтыс болған. Сондай-ақ биыл 16 сәуірде Қылмыстық кодекстің 322-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаны белгілі болды.