​Daewoo Nexia көлігі қатты жылдамдықпен жүк көлігінің астына кіріп кетті

0
2 114

Алматыда Райымбек даңғылы мен Павленко көшесі қиылысында жол апаты болды.


​Daewoo Nexia көлігі қатты жылдамдықпен жүк көлігінің астына кіріп кетті

ERNUR.KZ.Алматыда Райымбек даңғылы мен Павленко көшесі қиылысында жол апаты болды, деп хабарлайды sputniknews.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Павленко көшесіне жетпей, жүргізуші жанармай бекетіне қарай бұрыла бастайды.

Райымбек даңғылымен тура сол бағытта Daewoo Nexia көлігі бара жатқан. Неге екені белгісіз, жүргізуші бар жылдамдығымен жүк көлігінің артына соғылды.

Жол апатынан Daewoo Nexia жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен. Олар көптеген жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.