Дағдарыс пен пандемия кезінде Қазақстан азық-түлік өндірісін ұлғайтты

0
722

​Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1% -ке артып, 98,4 миллиард теңгені құрады.


Дағдарыс пен пандемия кезінде Қазақстан азық-түлік өндірісін ұлғайтты

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Осы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша короновирус пандемиясынан туындаған дағдарысқа қарамастан, агроөнеркәсіп кешені саласында жағдай тұрақты болды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2% -ке, азық-түлік өндірісі 2,4% -ке өсті", - деді ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1% -ке артып, 98,4 миллиард теңгені құрады, азық-түлік өндірісі 14,9%-ке ұлғайып, 20,6 миллиард теңге болды.

"Мал шаруашылығында жалпы өнім шығару көлемі 2,3%-ке өсті. Өндіріс көлемінің артуына ет өндірісінің 3,6% -ке, сүттің 3,2%-ке өсуі ықпал етті", - деді Омаров.

Өсімдік шаруашылығында 2020 жылы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін барлық қажетті шара қабылданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, бүгінде егіс жұмыстары аяқталуға жақын.