Дәмхана ішінде атпен қыдырған жігіт қамауға алынды

0
1 081

Алматы облысы Текелі қаласындағы дәмханаға бір жігіт атқа мінген күйі кіріп кеткен.


Дәмхана ішінде атпен қыдырған жігіт қамауға алынды

ERNUR.KZ. Тосын жағдай кешкі уақытта, кафеде қонақтар көңіл көтеріп отырғанда болыпты, деп жазады ktk.kz.

Ондағылар атты көріп шошып кеткен екен. Кейбіреулер дәмханаға келген жануарды видеоға түсіруге кірісіпті. Кейін бұл бейнежазбаны полицияға жібереді.


Жедел іздестіру шараларынан соң аттың иесі ұсталды. Атпен дәмханаға кірген 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жұртты шошытқан ер адам қазір өз әрекеті үшін қамауда отыр.

"Ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұзақылық ісі бойынша жиналған материал сотқа жолданды. Бұл азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен бес күнге қамаққа алынды, - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.