Дәмханада 30 адамға дейін ауызашар беруге болады

0
771

Бірақ үйге 30-50 қонақ шақыруға болмайды.


Дәмханада 30 адамға дейін ауызашар беруге болады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп жазады baq.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында бас санитар дәрігерге "Дәмханаға 30-50 адам шақырып, ауызашар жасауға бола ма?" деген сауал қойылды.

"Иә, қазіргі кезде тамақтану орындарына 30 адамға дейін кіргізуге рұқсат берілді. Алайда тиісті талаптар сақталуы қажет. Атап айтқанда, дезинфекциялық шаралар жүргізілуі шарт. Ал ең бастысы, адамдар арасындағы қашықтық сақталуы керек", - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, бастысы талаптар сақталу керек.

"Бірақ нақты бір талаптардың орындалуы керек. Ең маңыздысы - әлеуметтік қашықтық. Дегенмен үйге 30-50 қонақ шақыруға болмайды. Осының алдында туған күнге қатысқан 8 адамның коронавирус жұқтырғанын айтқаным бар", - деді бас санитар.