Данияр Ақышев Елбасының көмекшісі қызметіне тағайындалды

0
1 066

2015 жылы ел Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарған.


Данияр Ақышев Елбасының көмекшісі қызметіне тағайындалды

Данияр Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын", - делінген Елбасының шешімінде.

Данияр Ақышев 1976 жылы дүниеге келген. Ол Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мамандығы - экономист.

Әр жылдары Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді. Республика ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Ұлттық Банктің зерттеу және статистика департаментінің директоры қызметін атқарды. 2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды.

Содан кейін Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды.

2015 жылғы 24 тамыздан бастап ел Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарды. Ұлттық банк төрағасы қызметінде 2015 жылы 2 қарашадан бастап жұмыс істеді. Оған дейін бұл қызметті Қайрат Келімбетов атқарды.