Дәрігердің өлімі: сотталушы Юрий Шумковтың әйелі мен анасынан кешірім сұрады

0
649

Дәрігер сотқа гастроскопия кезінде қалқанша шеміршектің сынығын алуға болмайтынын айтты.


Дәрігердің өлімі: сотталушы Юрий Шумковтың әйелі мен анасынан кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотта сотталушыға ота жасаған дәрігерлердің бірінің куәлігі тыңдалды, деп жазады zakon.kz.

Дәрігер сотқа гастроскопия кезінде қалқанша шеміршектің сынығын алуға болмайтынын айтты.

"Мен сотталушыны білемін, оған екі операция жасадым, біріншісі ақпан айында. Ол жұта алмай жатқанына шағымданды. Шетелде қаралғанын айтты. Оның себебі - қалқанша шеміршектің сынуы. Операциядан кейінгі жағдайы операцияның қалай өткеніне қарай болды. Бұл біріншісінен кейінгі екінші операция. Шағымдар тағы жалғасты. Тілжұтқыншақ нерв - жарақаттану немесе жару. Лимфа түйінін алып тастау. Операция, қайта қарау. Сипаттама бойынша шеміршек сынуы - бұл ескі жарақат. Гастроэнтерологиялық зерттеу жүргізгенде мұндай жарақат алу мүмкін емес деп ойлаймын".Дәрігер

Сотталушының айтуынша, ол дәл гастроэнтерологтардың тексеруінен зардап шеккен.

Сотталушы сот отырысында сөз алған дәрігерден "өзін ыңғайсыз жағдайға қалдырғаны үшін", сонымен қатар Шумковтың әйелі мен анасынан кешірім сұрады.

Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков 4 сәуірде Алматыдағы көлік тұрағында кісі қолынан қаза тапты. Кейін полиция қылмыскердің клиент екенін, дәрігерге бірнеше рет барғанын анықтады.

20 желтоқсанда қаза тапқан дәрігердің әріптесі сотталушымен кездесу туралы айтып берді. Куәгердің айтуынша, сотталушы Юрий Шумковтың жұмысына шағымданбаған.