Дариға Назарбаева ұлының қазасына байланысты мәлімдеме жасады

0
664

Анасының мәлімдемесі әлеуметтік желіде жарияланды.


Дариға Назарбаева ұлының қазасына байланысты мәлімдеме жасады

Айсұлтан Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы алғаш рет ресми мәлімдеме жасады. Марқұмның анасы - Дариға Назарбаева көпшіліктен өз отбасының қайғысына түсінікпен қарауды сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Парламенті Сенатының экс-төрағасы Дариға Назарбаеваның мәлімдемесі Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

"Менің отбасым сүйікті балам - Айсұлтанның қайтыс болуына байланысты қайғы жұтып, қара жамылып отыр. Қымбаттымыздан айрылып, орны толмас шығынға ұшырап, басқа түскен осындай қиын күнде көпшілік бізге түсіністікпен қарап, құрмет танытады деп сенеміз", - деп жазды Дариға Назарбаева.

Еске салайық, 16 тамыз күні Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды.
Алдын ала дерек бойынша, оның жүрегі ұстап қалған. Басқа мәліметтер айтылмайды.
10 күннен кейін Айсұлтан Рахатұлы 30 жасқа толар еді.