Дастан Секенов бас әскери прокурор болды

0
706

​Ол 2021 жылдың мамырынан бастап Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары лауазымын атқарды.


Дастан Секенов бас әскери прокурор болды

ERNUR.KZ. Дастан Секенов бас әскери прокурор болып тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.

"Мемлекет басшысының келісімімен, бас прокурордың бұйрығымен Секенов Дастан Әбдіқадырұлы бас әскери прокурор болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Дастан Секенов прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Алматы қаласының Ақсай ауданында тағылымдамашы болып бастаған.

2001 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2001-2009 жылдар аралығында Бас әскери прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды.
2009 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.
2014-2018 жылдары Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде департаменттерді басқарды.
2018 жылы президент әкімшілігінде жұмыс істеді, 2019 жылы мемлекеттік құқық бөлімнің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.
2019 - 2021 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.
2021 жылдың мамырынан Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары лауазымын атқарды.