Дәурен Абаев ТМД бас хатшысының орынбасары қызметіне кірісті

0
710

Дәурен Абаев жаңа қызметте Бекетжан Жұмахановтың орнын басты.


Дәурен Абаев ТМД бас хатшысының орынбасары қызметіне кірісті

ERNUR.KZ. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов Атқарушы комитеттің ұжымына Дәурен Абаевты таныстырды, деп жазады sputnik.kz.

Дәурен Абаев Минскіде ТМД бас хатшысының орынбасары болып жұмысқа кірісті.
"Достастықтың Атқарушы комитетіне осындай кәсіби адамның келгені қуантады. Дәурен Абаев өте білімді азамат, дипломатиялық және мемлекеттік лауазымдарда бай тәжірибеге ие", - деді Леонид Анфимов таныстыру барысында.
Наурыз айының басында жаңа қызметке тағайындалған Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі еліміздің басшылығы мен жаңа әріптестерінің сенімін ақтауға уәде берді.
Дәурен Абаев жаңа қызметте Бекетжан Жұмахановтың орнын басты.
"Мені осы жұмысқа жіберген Қазақстан Республикасы басшылығының, ТМД Атқарушы комитеті басшылығының сенімін ақтауға бар күшімді саламын. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігіндегі интеграциялық процестерді ілгерілету жұмыстарына барынша атсалысуға уәде беремін", - деп атап өтті Дәурен Абаев.