Дауыс беруге құқығы бар Қазақстан азаматтарының 12,8% өз таңдауын жасап үлгерді

0
931

Орталық сайлау комиссиясы әрбір екі сағатта сайлауға қатысты ақпарат таратуда.


Дауыс беруге құқығы бар Қазақстан азаматтарының 12,8% өз таңдауын жасап үлгерді

ERNUR.KZ. Дауыс беруге құқығы Қазақстан азаамттарының 12, 8%-ы өз таңдауларын жасап үлгерді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов айтты, деп жазады baq.kz.

"Еліміздің облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер бойынша 2019 жылғы 9 маусым 10-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,8%-ы өз таңдауларын жасап үлгерді. Яғни, сайлау бюллетеньдерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша – 20,5, Ақтөбе облысы бойынша – 16, Алматы облысы бойынша – 17,7, Атырау облысы бойынша – 8,5, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 15,5, Жамбыл облысы бойынша – 16,5, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 7,4, Қарағанды облысы бойынша 10,1, Қызылорда облысы бойынша – 11,1, Қостанай облысы бойынша – 12,8, Маңғыстау облысы бойынша – 9,7, Павлодар облысы бойынша – 11,4, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,2, Түркістан облысы бойынша – 14,5, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,3, Алматы қаласы бойынша – 4,1, Шымкент қаласы бойынша – 11,9%", - деді Ақылбек Ихданов.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы әрбір екі сағат бойынша сайлауға қатысты ақпарат таратып тұрады.