Денесіне қайнаған су құйған: Алматы облысында мұғалім асырап алған қызын аяусыз азаптап келген

0
424

18 жылдық тәжірибесі бар мұғалім асырап алған қызын ұрып-соғып келген.


Денесіне қайнаған су құйған: Алматы облысында мұғалім асырап алған қызын аяусыз азаптап келген

ERNUR.KZ. Алматы облысында 9 жасар жетім баланы асырап алған мұғалім оны кез келген әрекеті үшін аяусыз ұрып-соғып, азаптап келген, деп жазады stan.kz.

Алматы облысында 18 жылдық тәжірибесі бар мұғалім асырап алған қызын ұрып-соғып келген. Әлеуметтік желіде асыраушысынан зәбір көрдім деген баланың видеосы тарады. Қыздың айтуына қарағанда, асырап алған анасы оның денесіне қайнаған су құйып, ұрып-соққан, құлағынан тартқан, денесінде көгерген іздер пайда болған.

“Өлеңді айтпасам, мені қайнаған суға апарады. Ағам денедегі ісік қайдан пайда болғанын сұрайды. Анам: "Білмеймін, құлап қалды" деп жауап береді. Бірақ мені ұрғаны туралы ағасына айтпады. Моншаға кіргенімізде ол мені шелекпен ұрды. Сосын мені суға түсірді. Мен жылай бастағанда ол жарықты өшіріп, кетіп қалды. Осыдан кейін мен сыртқа шығу үшін одан сайын қатты жылап жібердім. Ол ішке кіріп, жарықты қосты да, шлангпен ұра бастады”, – делінген жазбада.

Жәбірленушінің видеосын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары ең алдымен "НемолчиKZ" қорына жіберген.

Үндеуде айтылғандай, баланы жарты жыл бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептердің бірінің мұғалімі асырап алған. Кейін жүйелі түрде ұрып-соғып, азаптауға көшкен. Қыз оның үйінде жарты жылдай тұрған, ол алғаш рет қашып кеткенінде танысы ұстап алып, мұғалімнің үйіне қайтарыпты. Бұл қылығы үшін оны тағы ұрып-соққан, екінші мәрте қашқанында да мұғалім оны ұстап алған. Таяқтың астында қалып, азапталған қызды сол мектептің тағы бір мұғалімі көрген. Физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланың айтқандарын естігеннен кейін, әйел оны әкімдікке әкеліп, учаскелік полиция қызметкерін шақырыпты.

Еңбекшіқазақ ауданында 9 жасар жетімге қатысты зорлық-зомбылық фактісін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева растады.

“Қыз ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайы тексерілуде. Келесі кезекте асыраушы құқығынан айыру шаралары қолданылады. Іс менің бақылауымда", — деп жазды Зәкиева.