Денис Тен ісі: Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздік колониясына қайтарылады

0
728

Кассация шешіміне сәйкес Толыбаева жазасын өтеп жатқан колонияға оралады.


Денис Тен ісі: Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздік колониясына қайтарылады

ERNUR.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаеваны колонияға қайтару туралы шешім қабылдады, деп жазады ktk.kz.

Қазақстан Жоғарғы сотының кассациялық алқасы Жанар Толыбаеваны колонияға қайтаруды және Алматы сотының бала тууына байланысты колония-қоныста мерзімін өтейтіндігі туралы шешімінің күшін жоюды талап етті. Кассация шешіміне сәйкес Толыбаева жазасын өтеп жатқан колонияға оралады.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Толыбаева орташа күзет колониясынан биылғы жылдың наурыз айында ең төменгі қауіпсіздік колониясына ауыстырылды. Оған баланың туылуы себеп болды. Баланың әкесі Арман Құдайберген досы Нұралы Қиясовпен бірге әйгілі мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды.