Алматыда танымал блогер түнгі клубта есірткімен ұсталды

0
519

19 жастағы танымал блогер есірткі затымен ұсталды.


Алматыда танымал блогер түнгі клубта есірткімен ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыдағы түнгі клубтардың бірінен полиция қызметкерлері танымал блогерді есірткімен ұстады, деп жазады stan.kz.

Мәліметке сүйенсек, тәртіп сақшылары есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірлесе Медеу ауданындағы барлардың бірінде арнайы тексеру жүргізген. Нәтижесінде 19 жастағы танымал блогер есірткі затымен ұсталып отыр.

“Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы Т. есімді азамат ұсталды. Оның шалбарының оң қалтасынан көк изолентаға оралған, синтетикалық зат салынған үш бума табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл мефедрон психоактивті заты. Шөптің нақты тиесілігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр”, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ, ақпаратта тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтердің жария етілмейтіні де жазылған.