Денсаулық сақтау министрі кәсіпкерлерге ескерту жасады

0
533

Кәсіпкерлік қызметті www.infokazakhstan.kz порталында тіркемей қайта бастау - бұл заң бұзу екенін ескерткім келеді - Цой.


Денсаулық сақтау министрі кәсіпкерлерге ескерту жасады

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Үкімет карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жоспарын бекітті. Осыған сәйкес 17-ші тамыздан бастап сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандары, автосалон, балаларға білім беру мекемелері және т. б. қоса алғанда, бірқатар бизнес объектілерінен шектеулер алынып тасталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет.

Санитарлық талаптарға сәйкес актіні (әзірлік туралы акт) хабарлама түрде алу үш қадамнан (сайтқа кіру, бас санитариялық дәрігердің қаулысын жүктеу, электрондық цифрлық қолтаңбамен танысуды куәландыру, әзірлік туралы акт алу) тұрады, рұқсат беру тәртібімен – жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерге объектінің әзірлігін тексеру де қосылады. Сәйкестік актісі басып шығарылып, мониторингтік топ келген жағдайда кіре берісте немесе көрінетін жерде орналастырылуы керек.

"Бизнестің санитарлық қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Өйткені бұл талаптар Кәсіпкерлер Палатасы базасында кеңінен талқылаудан өтіп, қабылданды. Айта кету керек, бизнестің жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, біз кәсіпкерлік қызмет түрлерінің 90 пайызына дейін хабарлама жасауға келістік. Мұндай жағдайда бизнес санитарлық талаптарды қатаң сақтауға кепілдік береді. Тікелей тексеруші келмегенімен, қоғамдық қадағалау, кез-келген келуші құқық бұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органдарға жібере алады. Мамыр айында карантин аяқталғаннан кейін болған жағдай бизнестің санитарлық талаптарды сақтауы өте маңызды екенін көрсетті, өйткені мұндай нысандарда халық көп жиналады", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

әсіпкерлер арасындағы талап бұзушылықтың алдын алу және анықтау үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ www.infokazakhstan.kz сайты аясында санитарлық талаптардың бұзылуы туралы ақпаратты СЭС қызметіне жіберу мүмкіндігі бар.

"Кәсіпкерлік қызметті www.infokazakhstan.kz порталында тіркемей қайта бастау - бұл заң бұзу екенін ескерткім келеді. Кәсіпкерлерді осы порталдың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын, ол қосымша құжат толтырудан босатады, 10 минут ішінде өтінім жіберуге мүмкіндік береді. Санитарлық қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, біз бірге аурушаңдықты төмендету бойынша оң трендті сақтауға үлес қосамыз", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.


www.infokazakhstan.kz электрондық платформа биыл 14 тамыздан бастап жұмыс істейді. Алғашқы тәулікте 5,8 мың кәсіпкерлік субъектіден өтінім қабылданды.