"Депуаттаттың айтқанымен келіспеймін": Құрылыс комитеті Асхат Аймағамбетовтің ұсынысымен келіспеді

0
567

Осыған дейін Асхат Аймағамбетов мектептерде балалардың тапталып қалу оқиғасын қатысты пікір білдірген еді.


ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төраға орынбасары Бақытжан Жүнісбеков депутат Аймағамбетовтың мектебі жоқ жерге көпқабатты үйлер салуға рұқсат бермеу туралы ұсынысымен келіспеді, деп жазады stan.kz.

Осыған дейін Асхат Аймағамбетов мектептерде балалардың тапталып қалу оқиғасын қатысты пікір білдірген еді. Мәжіліс депутаты мұндай жағдай қайталанбас үшін әкімдік өкілдері мектебі жоқ аудандарға көпқабатты тұрғын үйлер салуды доғару керектігін айтқан болатын. Алайда депутаттың бұл пікірімен жауапты орган өкілі Бақытжан Жүнісбеков мүлдем келіспеді.

“Депутаттың ұсынысымен келіспеймін. Себебін түсіндіріп берейін. Егер біз әлеуметтік нысандардың аз болуына немесе жоқ болуына қатысты аймаққа тұрғын үйлерді салуға тыйым салсақ, бұл құрылысшыларға әсер етпей қоймайды. Себебі әлеуметтік нысандарды мемлекет қаржыландырады. Ал нысандардың барлығы 100% қаржыландырылып жатқан жоқ. Өтінімдер түсіп жатыр, бірақ оның барлығы қанағаттандырылмады. Ол екеуін қатар жүзеге асыруға болады”, - деп айтты комитет өкілі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бақытжан Жүнісбеков айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс құжаты мен оны цифрландыру мемлекеттік сараптама бойынша қалалық сараптамалық ұйымның тексеруі арқылы ғана жүргізіледі.

“Әлеуметтік нысандардың саны сараптама арқылы жүзеге асырылады. Оның жан-жағына салынатын құрылыстарға да сараптама жүргізіледі. Бірыңғай мемлекеттік мүлік кадастры цифрлық ортаға кіріктіріледі. Бұл жұмысты қатар алып жүру керек. Ал егер кезең-кезеңімен іске асырылса, онда құрылыс қарқыны тоқтап қалады”, - деп түсіндірді ол.