Депутаттар Қапшағайға Қонаевтың атын беруді қолдады

0
742

Қала атауын өзгерту туралы соңғы шешімді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы керек.


Депутаттар Қапшағайға Қонаевтың атын беруді қолдады

ERNUR.KZ. Қапшағайлық депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне қайта атау ұсынылған. Қалалық мәдениет бөлімі басшысының айтуынша, өткен аптада Қапшағай әкіміне елді мекеннің атын өзгерту жөнінде ондаған ұсыныс түскен.

Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданған.

Қала атауын өзгерту туралы соңғы шешімді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы керек.

Еске салайық, Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұл бастаманы қолдаған болатын.