​Депутаттар вейптерге толық тыйым салу туралы түзетуді бірінші оқылымда мақұлдады

0
535

Заң жобасына вейптерге және оларға арналған хош иістендіргіштерге толық тыйым салуға қатысты түзетулер енді.


​Депутаттар вейптерге толық тыйым салу туралы түзетуді  бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Заң жобасына вейптерге және оларға арналған хош иістендіргіштерге толық тыйым салуға қатысты түзетулер енді. Аталған өзгеріске Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау мен Respublica партиясы фракциясындағы әріптестері, сондай-ақ басқа да партия фракцияларының өкілдері бастамашы болды.
Заң жобасы Мәжілістің бейіндік комитетіне екінші оқылымға әзірлеу үшін жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 11 мамырда депутат Нұргүл Тау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа «Мектеп оқушылары және жастар арасында «вейп» деп танылған электронды тұтыну жүйелерін жаппай таратуға тыйым салу туралы» депутаттық сауалын жолдаған болатын. Бастаманы ведомствоаралық комиссия, Үкімет, жұмыс тобының мүшелері және Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қолдады.