Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді

0
412

Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген.


Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген, деп жазады Zakon.kz.

ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің келісілген бірлескен жұмысының нәтижесінде 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен, республикалық іздеуде жүрген, “Таблиги Джамаат” діни-экстремистік ұйымын ұстанушы – Теміртау қаласының тұрғыны, 51 жастағы А. есімді азамат ұсталды.

Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін А. есімді азамат Қарағанды облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.