​«Димаш Құдайберген оппозициялық партияға қосылуға шақырды» - фейк

0
325

Аталған ақпараттың рас немесе жалған екенін анықтаған болатынбыз.


​«Димаш Құдайберген оппозициялық партияға қосылуға шақырды» - фейк

Әлеуметтік желілерде белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған ақпараттың рас немесе жалған екенін анықтаған болатынбыз.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға сәйкес, Димаш Құдайбергеннің халықты «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақыруда делінген.




(Фото: әлеуметтік желіден алынған)

Осы ақпаратты анықтау үшін, ең алдымен Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларын қарап шықтық. Әншінің ресми парақшаларында партия туралы ешқандай мәлімет жоқ екеніне көз жеткіздік.

Екінші кезекте ақпараттың қайдан алынғанын тексердік. Нәтижесінде дереккөздің сенімді парақша емес екенін анықтадық. Бұл туралы оның профилінде жазылған.
 Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Бұл - фейк ақпарат.