Ұлттық символды қорлау: Дина Төлепберген министрліктен Боратқа қатысты шара қолдануды талап етті

0
4 556

Журналист мұны шектен шыққандық деп есептейді.


Ұлттық символды қорлау: Дина Төлепберген министрліктен Боратқа қатысты шара қолдануды талап етті

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген атышулы Бораттың жанкүйерлерінің Қазақстанның көк туымен шетелде флешмоб ұйымдастырғандарына шүйлікті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Дина Төлепберген мәселенің тым шектен шығып кеткенін айтып, сыртқы істер министрлігінен шара қолдануды талап етті. Бораттың жақтастарының оған ескерткіш орнатып, еліміздің көк туын қорлап жатқаны шектен шығу болып табыланытын айтты.

"Мынау енді шектен шығу. Ұлттық символды қорлау. Бүгін Аустралияда Бораттың тас мүсіні орнатылып, оны қолдаушылардың флешмобы өтті. Би билеген еркектерде шаруам жоқ, бірақ Туымызды ұстауға олардың құқы жоқ. Лондонда Бораттың үрленген қуыршағының жанында да жалауымыз желбіреп тұрды. Сыртқы істер министрінің шара қолдануын талап етемін" , - деп жазды Дина Төлепберген.

Бұған дейін, Австралияның Сидней қаласындағы ең әйгілі Бондай Бич жағажайында «Бораттың сыңарлары» Қазақстан туын тігіп флешмоб билегенін жазған болатынбыз.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қоғам наразылығын туғызып, қатты сыналуда.