Жалаңаш "Бораттар": Шетелде Қазақстан туын ұстағандар шеру өткізді (видео)

0
3 091

Саша Барон Коэннің "сыңарлары" Қазақстанның туымен Темза бойымен жүзіп өтті.


Жалаңаш

ERNUR.KZ. Австралияның Сидней қаласындағы ең әйгілі Бондай Бич жағажайында «Бораттың сыңарлары» атты шеру өтті, деп жазады Stan.kz.

Бораттың шашы секілді парик пен маскини (медициналық маска түріндегі манкини) киген 40 ер адам йога сеансын өткізді.

Аталған орында Қазақстанның туы байқалады. Бораттың алты метрлік мүсіні де жағажайдан алыс емес жерде орнатылыпты. Үлкен мүсін арнайы тікұшақ көмегімен жеткізілді. Ол жағажайға жақын орналасқан Сиднейдегі Маркс-паркінде 24 сағат бойы тұрды. Жергілікті уақыт бойынша 23 қазан, жұма сағат 11-ге дейін тұрады деп жоспарланған.

Борат рөлін сомдайтын Саша Барон Коэннің бейне хабарламасы интернетте жария болды. Видеода ол мүсіннің Мельбурндегі 14 күндік карантинде болғанын, қазір босатылғанын атап өтті. Бірақ төрт күзетші мүсінмен «жыныстық қатынасқа» түскен соң оның сифилис жұқтырғанын мәлімдеді.

Мүсінді тікұшақпен Маркс-паркіне апарған сәтті жергілікті БАҚ көрсетті. Шамасы, флешмоб пен мүсінді орнату «Бораттың» екінші бөлімінің премьерасына орай жоспарланған Amazon Prime стримингтік қызметінің ресми жарнамалық науқаны болса керек.

Фильмнің шығуына байланысты акция Лондонның орталығында да өтті. Саша Барон Коэннің "сыңарлары" Қазақстанның туымен Темза бойымен жүзіп өтті. Борат мүсіні бар баржа Ұлыбритания астанасының басты көрнекті жерлері, оның ішінде Лондон мұнарасы арқылы жүзді.