Доллармен депозит ашатын қазақстандықтар саны азайған

0
278

Виталий Тутушкин жыл соңына қарай инфляция 11-14 пайызға дейін баяулауы мүмкін екенін айтты.


Доллармен депозит ашатын қазақстандықтар саны азайған

ERNUR.KZ. Елімізде жарты жылдағы көрсеткішке сәйкес доллармен депозит ашушылар саны азайған, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді.

1-жартыжылдықта теңге 452,26-ға дейін 2,2%-ға нығайды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 1,9 млрд доллар сомасына валюталық түсімінің 50%-ын міндетті түрде сатуы теңгеге қолдау көрсетті. Валюта нарығын балансқа келтірудің жақсаруына байланысты 1 шілдеден бастап валюталық түсімді міндетті түрде сату үлесі 30%-ға дейін төмендеді, - деп атап өтті Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Айтуынша, теңгедегі құралдардың тартымдылығы сақталып отыр.

Депозиттерді долларландыру деңгейі 2022 жылғы желтоқсандағы 31,6%-дан осы жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша 28,4%-ға дейін төмендеді. Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялары жыл басынан бері 78 млрд теңгеге ұлғайды. Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Теңгенің бұдан былайғы динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады, - деді Владимир Тутушкин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Виталий Тутушкин жыл соңына қарай инфляция 11-14 пайызға дейін баяулауы мүмкін екенін айтты.