«Домбыра» фильмі Үндістанда өткен фестивальде үздік атанды

0
1 034

Бұл фильм домбыраның құлағында ойнап, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған Әсет есімді баланың өмірін баяндайды.


«Домбыра» фильмі Үндістанда өткен фестивальде үздік атанды

ERNUR.KZ. Нью-Дели қаласында өткен 8-ші халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінде жас режиссер Рамазан Халиолланың қысқаметражды «Домбыра» фильмі«Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды, деп жазады 24.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі түсірген бұл фильм домбыраның құлағында ойнап, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған Әсет есімді баланың өмірін баяндайды.

Айта кетсек, аталған кинотуынды биыл Алматыда өткен IV Халықаралық Baiqonyr ISFF кинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, «Бродвейдің таңдауы» сыйлығын алған.Нью-Делидегі DSIFF халықаралық кинофестивалі алғаш рет 2012 жылы өткен болатын.

Ұйымдастырушысы – Miniboxoffice үнді компаниясы. Биыл фестивальдің халықаралық қазылар алқасын испан режиссері Виктор Мануэль Лопесмуньос басқарды. Сонымен қатар, қазылар алқасы құрамында: продюсер Виктория Сил (Жапония), режиссер Ракел Руиз (Аргентина), режиссер Прашант Сегал (Үндістан) болды.