ДСМ: Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың жартысына жуығы қауіпті

0
449

Балалар ойыншықтарында фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейі жоғары екені белгілі болды.


ДСМ: Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың жартысына жуығы қауіпті

Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың 43 пайыздан астамы қауіпсіздік талаптарына сай емес, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары балалар ойыншығының 397 түріне тексеру жүргізді. Олардың жартысынан көбі қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Ойыншықтардың кейбірінде фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан артық мөлшерде екені анықталды. Олар Қытай мен Өзбекстаннан жеткізілген.
Балалар үшін қауіпті ойыншықтар қатарында мыналар бар:
1. "FREEZE II" қуыршағы, өндіруші: Қытай, бензолдың рұқсат етілген 0,01 мг/дм³ аспайтын концентрациясының орнына 4,25 мг/дм³ деңгейі анықталған;
2. "Лариса MONSTER GIRL" қуыршағы, өндіруші: Қытай, бензолдың рұқсат етілген 0,01 мг/дм³ аспайтын концентрациясының орнына 0,049 мг/дм³ деңгейі, метил спиртінің рұқсат етілген 0,02 мг/дм³ аспайтын концентрациясының орнына 2,98 мг/дм³ деңгейі анықталған;
3. "Мини W ТОБОТ" автомобиль трансформері, өндіруші: Қытай, формальдегидтің рұқсат етілген 0,1 мг/л аспайтын концентрациясының орнына 0,2 мг/л деңгейі анықталған; 4. "Военный" ойыншық жинағы, өндіруші: Қытай, гептанның рұқсат етілген 0,1 мг/дм³ аспайтын концентрациясының орнына 0,163 мг/дм³ деңгейі анықталған;
5. "Вкусняшка" антистресс ойыншығы, өндіруші: Қытай, фенолдың рұқсат етілген 0,05 мг/м³ аспайтын концентрациясының орнына 1,08 мг/м³ деңгейі анықталған;
6. "Funny Musician" балалар ойыншығы, формальдегидтің рұқсат етілген 0,1 мг/л аспайтын концентрациясының орнына 0,12 мг/л деңгейі анықталған;
7. "Mittivoy" балалар ойыншығы, формальдегидтің рұқсат етілген 0,1 мг/л аспайтын концентрациясының орнына 0,18 мг/л деңгейі анықталған;
8. "GT.POLICE CAR" "SUPER RACING SET" пластмассадан дайындалған машиналар жинағы, 3 жастан асқан балаларға арналған, өндіруші: Қытай, бензолдың рұқсат етілген 0,01 мг/дм³ аспайтын концентрациясының орнына 0,039 мг/дм³ деңгейі анықталған.
Осы ойыншықтар анықталған дүкендерге бұл тауарды сатылымнан алып тастау туралы ескерту берілді.