Дубайдан Алматыға ұшуы тиіс Air Astana ұшағы ақауға байланысты кешіктіріліп жатыр

0
651

Рейс жолаушылары тамақпен және қонақүймен қамтамасыз етілді.


Дубайдан Алматыға ұшуы тиіс Air Astana ұшағы ақауға байланысты кешіктіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Кеше Дубайдан Алматыға ұшуы керек болған Air Astana әуекомпаниясының ұшағынан ақау шығып, рейс кешіктірілді, деп жазады inform.kz.

«Air Astana әуе компаниясының 12 мамырдағы КС-898 рейсі (әуе кемесінің типі – «Боинг-767») Дубай-Алматы бағыты бойынша кестеге сай жергілікті уақыт бойынша сағат 13:55-те техникалық себептер бойынша ұшқан жоқ. Жолаушылар саны - 220 адам. Рейс жолаушылары тамақпен және қонақүймен қамтамасыз етілді.

13 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:48-де әуе компаниясының инженерлері техникалық себептерді жою үшін Дубайға келді. Рейстің ұшуы жергілікті уақыт бойынша 21:45-ке жоспарланған. Жоспарланған уақытта ұшу мүмкін болмаған жағдайда, әуе компания басқа рейстермен жеткізу мүмкіндігін қарастыратын болады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, ведомстводан қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әуекомпания ұшуға қауіп төндіретін жағдайларды жоюуы қажет екенін атап өтті. Бұл ретте, заңнамада әуе компанияның кінәсінен рейс кешіктірілген кезде ұсынылуы тиіс қызметтер көзделеді. Сонымен, кешігу ұзақтығына байланысты сусындар, ыстық тамақ, қонақ үйде тұру, сондай-ақ қонақ үйге дейін және кері көлік ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер көрсетілмеген жағдайда компанияларға айыппұл салынады.