ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы биыл 3,4%-ке төмендеді

0
1 179

Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика департаменті өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы бойынша деректерді жариялады.


ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы биыл 3,4%-ке төмендеді

ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің бағасы былтырғымен салыстырғанда биыл шілдеде 3,4%-ке, өсімдік шаруашылығының өнімі 7,2%-ке, мал шаруашылығы өнімі 1%-ке төмендеді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі комиссияның статистика департаментіне сілтеме жасап, деп жазады sputnik.kz.

ЕАЭО бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бағасының индексі 2023 жылы шілдеде 100,1% болды. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 94,9% болған.
Желтоқсан айымен салыстырғанда Арменияда (22,7%-ке), Беларусьте (7,8%-ке), Қазақстанда (4,7%-ке) және Ресейде (2,7%-ке) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бағасы төмендеген. Ал Қырғызстанда баға 2,7%-ке қымбаттаған.