ЕАЭО Минскіде құрылыс материалдарына қойылатын талаптар туралы талқылады

0
535

Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы Минскіде өткен құрылыстағы техникалық реттеу жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты


ЕАЭО Минскіде құрылыс материалдарына қойылатын талаптар туралы талқылады

ERNUR.KZ. ЕЭК техникалық реттеу министрі Виктор Назаренко ЕАЭО-да құрылыс саласына қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды белгілейтін құжатты дайындау туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.

"ЕАЭО үшін бірыңғай техникалық регламентті қабылдау құрылыс саласындағы интеграцияны тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болмақ. Оны іске асыру технологияларды дамыту және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасайды", – деп атап өтті ЕЭК министрі.
Конференцияда техникалық регламент қолданылатын салалар мен өнімнің ықтимал қауіптілігі туралы айтылды. Сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардағы базалық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, құрылыс материалдары мен бұйымдарының сәйкестігін бағалау туралы талқыланды.
"Бірыңғай техникалық регламент тұтынушыларды құрылыс материалдары мен бұйымдары бойынша қауіпті өнімдерден қорғауға және отандық өндірушілер үшін тең бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сәйкестендірудің нақты ережелерін анықтау маңызды. Бірінші кезекте импорттық өнімге қатысты жарамдылықты растау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету", - деп атап өтті Виктор Назаренко.
Айналымға шығарылатын құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық регламентті қабылдаудың өзі жеткіліксіз. Бүгінде одақ елдерінде жекелеген құрылыс материалдарына ұлттық талаптар белгіленді, алайда тексерулер жүргізуге мораторийлер енгізілді.
Сондықтан тиісті мемлекеттік реттеуді, оның ішінде бақылау органдарының нарыққа жосықсыз қатысушыларға қатысты шаралар қабылдау үшін аккредиттеу органдарымен өзара іс-қимылын жүзеге асыру қажет, делінген ЕЭК хабарламасында.

Ресей Федерациясы құрылыс министрінің орынбасары Сергей Музыченко Ресей министрлігінің техрегламент жобасын жария талқылау кезінде ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан 500-ге жуық ескертулер мен ұсыныстар қаралғанын хабарлады.