Егде адамдарды жұмысқа тартатын «Күміс жас» бағдарламасы іске асады

0
876

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобада егде жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» атты тармақ іске қосылады.


Егде адамдарды жұмысқа тартатын «Күміс жас» бағдарламасы іске асады

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

«Сонымен қатар, жұмыссыздарды қамту мақсатында «Жастар практикасы», «Осал топтарға арналған Әлеуметтік жұмыс орындары» сияқты жобалар, сондай-ақ зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылатын болады» ,- деді ол.

Министрдің мәліметінше, барлық шараларды қабылдау нәтижесінде жеке ісін ашқан адамдардың үлесі 1,7 есеге (35-тен 60% - ға дейін) артады.