Егінін киіктер таптап кеткен шаруалардың шығыны өтелмейді – Айдарбек Сапаров

0
512

Шығынды өтеу бойынша арнайы әдістеме жоқ.


Егінін киіктер таптап кеткен шаруалардың шығыны өтелмейді – Айдарбек Сапаров

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтен кейінгі брифингте егінін таптаған шаруалардың шығыны өтелмейтінін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазақстан бойынша киіктер 1 млн егін алқабын таптап кеткен. Оның 800 млн гектарына көпжылдық дақылдарға арналған. Фермерлерде шығын болмаған. Сондықтан мұнда ешқандай өтемақы жүрмейді. Себебі, белгілі бір әдістеме де жоқ. Сондықтан әдістемені әзірлеу керек», - деді ол.

Айдарбек Сапаров киіктерді аулау мен атуға қатысты шешімді Экология министрлігі қабылдайтынын атап өтті.

«Ет комбинаттарында ветеринарлық дәрігерлер жұмыс істейді. Олар киіктерді сойғанда оның етіне сараптама жүргізіп, сапаны анықтап, ветеринарлық қауіпсіздікке жауап береді.Бұл ет комбинаттары (киіктің) етін өздері сатады. Бүгіннен бастап мониторинг жүргіземіз. Олар бізге жергілікті әкімдік арқылы есеп береді, яғни Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментіне. Біз қайда, қанша екенін айтып отырамыз», - деді ведомство басшысы.