"Эйр Астана" ұшағы Шереметьево әуежайында апаттық жағдайда қонды

0
919

Ұшақтың апаттық жағдайда қонуына ақау бойынша датчиктің іске қосылуы себеп болған


ERNUR.KZ «Эйр Астана» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан –Мәскеу бағытындағы ұшағы Ресей астанасындағы Шереметьево әуежайында апаттық жағдайда қонды, деп жазады stan.kz.


«Растаймын. Әуежайдың барлық шұғыл қызметі жұмылдырылды», - дейді әуежайдың өкілі.

360 телеарнасының мәліметінше, Airbus-A320 ұшағы шұғыл түрде қонған. Бортта 139 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болыпты. Ешкім зардап шеккен жоқ.

РБК мәліметінше, Шереметьево әуежайының баспасөз қызметінің жетекшісі Роман Генис ұшақтың шұғыл қонуына датчиктің қозғалтқыштың тоқтауы туралы сигнал беруі себеп болған.