Екі апта бойына үш қаладан іздестірілген жезқазғандық қыз табылды

0
469

Ол 28 маусым күні үйден кеткен.


Екі апта бойына үш қаладан іздестірілген жезқазғандық қыз табылды

ERNUR.KZ. Жезқазғанда екі апта бойына жоғалған қыз табылды, деп жазады zakon.kz.

Ол 28 маусым күні үйден кеткен. Келесі күні анасы полицияға хабарласқан.

"Біз қызым және 5 жасар ұлыммен үшеуміз бірге тұрамыз. Оның жоғалуы алдында арамызда ешқандай жанжал болған жоқ. Кешке үйге келсем, ол үйде болмады, ұялы телефонына хабарласып едім, сөндірулі деді," - дейді ол.

Қыз Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларынан да іздестірілді. Іздеу жұмысына волонтерлар да ат салысты.

"12 шілдеде кешке Жезқазғаннан келген такси жүргізушісі клинет іздеп, Қарағанды автобекетіне бас сұғады. Сол жерден іздеудегі қызды байқайды. Бойжеткен бірден Қарағанды полиция бөлімшесіне қарасты Михайловский аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Бойжеткен полицияға денсаулығының жақсы екенін, ешкімге шағымы жоқ екенін әрі өзін еркінен тыс ешкімнің ұстамағанын айтты", - деді облыстық полиция.