Екі аптадан соң шетелдік көліктерді тіркеу аяқталады: ІІМ жүргізушілерге ескертпе жариялады

0
712

ІІМ мәліметінше 16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтіп отыр.


Екі аптадан соң шетелдік көліктерді тіркеу аяқталады: ІІМ жүргізушілерге ескертпе жариялады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі екі аптадан соң шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталатынын мәлімдеді. Дегенмен 1 шілдеге дейін өтініш берген азаматтарға қызмет көрсету одан әрі жалғаса бермек, деп жазады Stan.kz.

ІІМ мәліметінше 16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтіп отыр. Сондай-ақ 22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылған.

“Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін екі апта қалды. Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді", – деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмай, тиісінше заңдастырылмаған темір тұлпарлар ел аумағында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қойылады.

"Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын ескертеміз. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданады", – деп түйіндеді Сұлтанбаев.