"Екі баланың жағдайы ауыр". Министр Қарағандыда уланған балалар туралы айтты

0
398

Ауруханаға түскен 14 баланың 7-еуі сауығып ауруханадан шығарылды.


ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысындағы уланған балалардың жағдайы туралы айтты, деп жазады baq.kz.

Ауруханаға түскен 14 баланың 7-еуі сауығып ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда олар орталық қызметкерлерінің бақылауында. 6 бала реанимация бөлімшесінде жатыр. 4 баланың жағдайы оң динамикамен ауыр болып қалуда және екі баланың жағдайы ауыр күйде, – деді Ажар Ғиният.

Премьер-министр Смайылов Денсаулық сақтау министріне балаларды барлық қажетті дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етіп, ауруханадан шыққаннан кейін де оларды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Әкімдіктер интернаттық, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі балалардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуі қажет. Ішкі істер министрлігі болған оқиғаның нақты себептері мен кінәлілерді анықтау бойынша тергеу амалдарын мұқият жүргізуі тиіс, – деді Смайылов.

Айта кетейік, 7 тамызда № 625 «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызда 2010 жылы туған бала көз жұмғанын хабарланды. Осы қайғылы оқиғаға қатысты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.