Екібастұз жылу орталығында екі қазандық жөнделді

0
905

Барлық қазандық қондырғылары суық түскенше дайын болады деп жоспарланған.


Екібастұз жылу орталығында екі қазандық жөнделді

ERNUR.KZ. Екібастұздағы жылу энергетика орталығында екі қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталды, деп жазады sputnik.kz.

"Жетінші қазандық агрегатында күрделі жөндеу жүргізілді. Мамандар қазандықтарды, газ құбырларын, ауа өткізгіштерді және басқа жабдықтарды қалпына келтірді", - деді компания өкілдері.
Монтаж жұмысы аяқталып қалды. Қазіргі күні гидравликалық сынақтар мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін қазандық қондырғысы резервке енгізіледі.
"9 қазандық агрегатында оттықтың қаптамасы қалпына келтірілді, газ құбырларының тығыздығы жойылды, үрлемелі желдеткіш жөнделді және диірмендерге тексеру жүргізілді", - деп толықтырды жылумен жабдықтау ұйымы.
Қазіргі күні мердігер ұйым алты қазандық агрегатын жөндеуге кірісті.
Алдағы жылыту маусымына дейін станциядағы барлық қолда бар қазандық агрегаттарын жөндеу жоспарланған. Оның ішінде сегіз қазандық агрегатына күрделі жөндеу, екі қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жүргізіледі.