Екібастұзда Президенттің тапсырмасымен балаларға арналған шығармашылық үйі салынады

0
271

Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады.


Екібастұзда Президенттің тапсырмасымен балаларға арналған шығармашылық үйі салынады

ERNUR.KZ. Екібастұзда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларға арналған шығармашылық үйі салынады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Кеше Президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады», - деп жазды ол.

Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды.