Екібастұзда жанып жатқан қоқыстан күшіктер құтқарылды

0
980

Өрт 7 минут ішінде жойылды.


Екібастұзда жанып жатқан қоқыстан күшіктер құтқарылды

ERNUR.KZ. Құтқарушылар күшіктерді таза ауаға шығарды, деп жазады Zakon.kz.

Сағат 14:00-де «101» пультіне Қонаев көшесі, 134 үйге қарама-қарсы мекенжай бойынша жану фактісі туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнынан № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық 1 км құрайды. Бір қабатты кірпіш ғимаратында 5 шаршы метр алаңда қоқыс жанған. № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Мұхажанов Наурыз және бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Атеев Исламбек үй-жайлардың ішінде қоқыс жанып жатқан жерден төрт күшікті анықтады.2-МӨСБ бастығының орынбасары Жұмабай Кеңес.

Жану 7 минут ішінде жойылды. Өрттің шығуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болды.