Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде үш жасөспірімді көлік қағып кетті

0
398

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады.


Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде үш жасөспірімді көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде үш жасөспірімді көлік қағып кетті. Кәмелетке толмағандар жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрларда оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем мен патрульдік көліктер келгені көрінеді. Екібастұз қалалық ПБ мәліметінше, жол апаты кешкі уақытта Энергетиков пен Мәметов көшелері қиылысында болған.

"Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, кәмелетке толмаған үш баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан 13, 15, 16 жастағы жасөспірімдер Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды", - деді облыстық жол полициясы қызметінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство мәліметінше, 18 жастағы жолаушы мен көлік жүргізушісі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

"Көлік арнайы тұраққа қойылды. Сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, ауруханаға жеткізілген жасөспірімдер жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға орнынан бес адам ауруханаға жеткізілген, тағы бір адам өзі жүгінген. Кәмелетке толмаған үш жасөспірімнің жағдайы ауыр.