Екібастұздағы көмір кенішінде алып экскаватор өртенді

0
276

От электр сымының тұйықталуынан шыққан.


Екібастұздағы көмір кенішінде алып экскаватор өртенді

ERNUR.KZ. Көмірді үздіксіз күреп, қазатын роторлы экскаватордың бұл уақытта жөндеуде тұрғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"14 сәуір күні сағат 12.10-да „Богатырь Көмір“ ЖШС-нің Северный кенішінде № 1106 роторлы экскаваторы өртенген. Агрегат ол күні жөндеуде тұрған әрі техниканың қолданыс мерзімі аяқталғаны себепті әрі қарай есептен шығаруға дайындалған. Өрттің шығу себебі — сымдардың қысқа тұйықталуы. Тілсіз жау сағат 13.40-та кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі республикалық орталық штабының күшімен ауыздықталды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Кеніштегі көмір өндіру жұмыстары штаттық режимде жалғасып жатыр.