Екібастұздағы сауда орталығынан өрт шықты

0
838

Сағат таңғы 8-де сауда үйінің екі бөлімі жанған.


Екібастұздағы сауда орталығынан өрт шықты

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Екібастұздағы сауда орталығында 50 шаршы метр аумақта өрт шықты, деп жазады sputnik.kz

10 қыркүйекте сағат 8.00-де MAXI MALL сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына алты техника мен жеке құрамның 30 адамы барды. Өрт ғимараттың үшінші қабатындағы 50 шаршы метр аумақта балалар киімдері мен ойыншықтар дүкенінен шыққан.

Сондай-ақ, 7 шаршы метр аумақтағы әйелдер киімі дүкеніндегі заттарға да зиян келген. Өрт сөндірушілер төрт адамды эвакуациялады.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 9.08-де өрт сөндірілді. Оның алдын-ала себебі анықталып жатыр.